Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 22/187 шешімі
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4693-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;