«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетің атқарушы 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 396 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетің атқарушы 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33321 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларында:
2 тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет - еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылымдағы тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;»
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жергілікті атқарушы орган жобалар тізбесін қалыптастыруға қарай әрбір жоба бойынша мынадай құжаттарды (бұдан әрі - материалдар) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар жобалар тізбесін уәкілетті органға жібереді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспары-кестесі;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;