(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2023 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ...

2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешімі

 

Осы редакция 2023 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 10 796 832 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 601 381 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 40 802 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 82 569 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 4 072 080 мың теңге;

2) шығындар – 10 796 832 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2023 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1) жеке табыс салығы бойынша:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 75 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша – 75 пайыз.

3. 2023 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

4. 2023 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 2 445 541 мың теңге сомасында ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.