«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 146-н/қ бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 146-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;

«13. Міндеті: мемлекеттік бақылау функциясын іске асыру, сондай-ақ көмірсутектерге, мұнай-газға, мұнай-химия өнеркәсібіне, көмірсутек тасымалдауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге, газ және газбен жабдықтауға, магистральдық құбырларға қатысты бөліктегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету.»;

14-тармақта:

2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«2) жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жасайды және Министрліктің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;»;

4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«4) мынадай салаларда:

көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына;

көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына;

мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге;

өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.