(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БИЯЗЫ ЖҮНДІ ҚОЙЛАРДЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН БОНИТ...

Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі
нұсқаулық

(2017.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, биязы жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.

2. Биязы жүнді қойларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

 

 

1. Биязы жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

 

3. Биязы жүнді қойлар (бұдан әрі - биязы жүнді қой) таза тұқымды және будандар болып бөлінеді.

4. Таза тұқымдыларға жатқызылады:

таза тұқымдылығы құжаттармен расталған белгілі бір тұқымдағы ата-енелерден таралған малдар;

ағзасында ата-енелік тұқымдардың 3/4 қан үлесі бар, бір өнімділік бағыттағы екі биязы жүнді қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде алынған малдар;

біртекті жүнді будан саулықтарды белгілі бір тұқымның қошқарларымен сіңіре бідандастыру нәтижесінде алынған және осы тұқымның бірінші класс талаптарына сай келетін екінші ұрпақ малдары.

5. Нұсқаудың 4 тармағында көрсетілмеген биязы жүнді қойлар будан болып саналады.

6. Будандар келесі топтарға жіктеледі:

екі биязы жүнді тұқымды будандастырудан алынған бірінші ұрпақтағы будандар;

биязы жүнді саулықтарды биязылау жүнді тұқымдардың қошқарларымен будандастырудан (өнеркәсіптік будандастыру) алынған жіңішке жүнді будандар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.