«Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 591 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.