«Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/606 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 528 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/606 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 528 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 13-бабы 3-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.