Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 152/22 шешімі
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 шешімімен күші жойылды
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 152/22 шешіміне
қосымша
Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 30 сәурдегі
№ 40/5 шешімімен
бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары