(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2007.24.08 № 241 БҰЙРЫҒЫ

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығы

(2015.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 637 тіркелген, «Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

2007 жылғы 14 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2007 жылғы 24 тамыздағы

№ 241 бұйрығымен

бекітілген

 

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

 ережесі

 

Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2008.21.04 № 103 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.