«Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 416 бұйрығы

«Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 416 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:

2-тармақта:

4) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЖМБМК АЖ) - жүргізу тәртібі Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе.»;

6) тармақша алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Электрондық жер-кадастрлық карталар ЖМБМК АЖ және ГАЖ арқылы құрылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. 1:500, 1:1000 және 1:2000 масштабтағы картографиялық материалды пайдалана отырып, электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау кезінде топологиялық қателер анықталған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекараларын олардың нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.

Далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелерінің шекараларын үйлестіру жүргізіледі және топологиялық қателерді көрсете отырып, тиісті деректер электрондық жер-кадастрлық картаның «Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары» қабатына енгізіледі.»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.