«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылы іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 330-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылы іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

1) 10-5-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «жойылса, тоқтатылады.» деген сөздер «жойылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) борышкер уəкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған əкімшілік жазадан босатылса, тоқтатылады.»;

2) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «борышкерді» деген сөзден кейін «, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысын (оның міндетін атқарушыны)» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 16-баптың 1-тармағындағы «электрондық нысанда» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда» деген сөздер «сот орындаушысы берген атқару мерзімі өткеннен кейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде, ал алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда сот орындаушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 35-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Борышкер мүліктің тізімдемесін жасауға қатыспаған жағдайда, мүлікке тізімдеме жасау жəне тыйым салу хаттамасымен танысу үшін шақырғанда дəлелсіз себеппен келмеген кезде ол сот орындаушысының сот санкциялаған уəжді қаулысы бойынша күштеп əкелінуі мүмкін.

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерді əкімшілік жауаптылыққа тарту үшін күштеп əкелу Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.»;

6) 47-баптың 1-тармағында:

5-2) тармақшадағы «, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармағының 6) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:

«5-3) борышкер уəкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған əкімшілік жазалаудан босатылса;»;

7) 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «рəсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

8) 68-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі «не оған» деген сөз «не бағалаумен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

9) 118-баптың 6-тармағы «бойынша» деген сөзден кейін «, сондай-ақ 47-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасында көзделген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

10) 124-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 3) тармақшасындағы «табылса, өндірілмейді.» деген сөздер «табылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) борышкер уəкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған əкімшілік жазалаудан босатылса, өндірілмейді.»;

11) 138-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «бұзу, жер учаскелерін алып қою» деген сөздер «сүру, жер учаскелерін алып қою, борышкерді белгілі бір əрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 140-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

13) 146-баптың 2-2-тармағында:

екінші бөлік 5) тармақшасындағы «жария ету жеке сот орындаушысының кəсіби қателері деп түсініледі.» деген сөздер «жария ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) мүлікті негізсіз алып қою жəне бүлдіру;

7) мүлікке зиян келтіруге алып келген, оны өткізу жəне беру тəртібі жөніндегі талаптарды сақтамау жеке сот орындаушысының кəсіби қателері деп түсініледі.»;

үшінші бөліктегі «сақтандыру шартында» деген сөз «сақтандырудың үлгілік шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 167-баптың 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша жеке сот орындаушыларының кəсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын əзірлейді жəне бекітеді;».

2-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура жəне сот арасында өкілеттіктердің жəне жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

2-баптың 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «енгізілетін;» деген сөз «енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы жəне прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 5), 6), 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10) тармақшасының үшінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 16), 17) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші, үшінші жəне төртінші абзацтарын, 26) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы жəне он төртінші абзацтарын, 28), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 85), 87), 88), 89) тармақшаларын, 3-тармағының үшінші жəне төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы алып тасталсын.

3. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың 4) тармақшасындағы «құқық бұзушылық профилактикасы» деген сөздер «Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-баптың 3) тармақшасындағы «құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі,» деген сөздер алып тасталсын;

3) 9-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:»;

9) тармақшадағы «құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі,» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды құрады, олардың құрамы мен ережесін бекітеді, сондай-ақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;

2-тармақта:

3) тармақшадағы «құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі,» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) осы Заңның 38-бабының 2-тармағында айқындалған əкімшілік-аумақтық бірліктерде Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды құрады, олардың құрамы мен ережесін бекітеді, сондай-ақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;

4) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«38-бап. Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия

1. Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия - құқық бұзушылық профилактикасы жəне Қоғамда заң мен тəртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.

2. Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық жəне аудандық маңызы бар қалалардың, астанадағы, республикалық жəне облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады.

3. Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу жəне ұсынымдар əзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылады, оның қызметі жобалық басқару жөніндегі уəкілетті орган бекітетін жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Ведомствоаралық топтың ұсынымдары Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қаралады.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді, ал жергілікті атқарушы органдардың жанындағы ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесі тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдерінің шешімдерімен бекітіледі.»;

5) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «жетілдіру» деген сөзден кейін «жəне Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 72-бапта:

4-тармақта:

екінші бөліктегі «құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «құқық бұзушылық профилактикасы» деген сөздер «Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық» деген сөздер «Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 74-баптың 2-тармағындағы жəне 75-баптың 5-тармағындағы «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық деген сөздер «Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тəртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 8), 9) жəне 10) тармақшаларын;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

№ 330-VIII ҚРЗ