Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 228 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтардың жарамдылығын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;