«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1106 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздар, қара және түсті металдардың сынықтары, шикі мұнай, жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.»;
25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім (бұдан әрі - өтінім) беру үшін қатысушылар кепiлдiк жарнаны бірыңғай оператордың хабарламада көрсетілген банктік деректемелеріне енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не оның атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.