Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 331-ө-м бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Бейімдеу және ықпалдастыру орталығында
бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету
қағидалары
(2016.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014.10.02. № 32-ө бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014.10.02. № 32-ө бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а 2016.08.01. № 8 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;