«Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 249 бұйрығы

«Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 249 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 9) тармақшасына, 9-4-бабының 1-тармағының 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-бабының 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.