2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 49-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау
Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды
50-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы мекемелерді қоғамдық байқау комиссияларының қызметі нысанында қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 33, 34, 35, 37 және 38-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды
51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
1. Қоғамдық бақылау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:
1) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесінің құрамында орталық атқарушы органдар айқындайтын тәртіппен арнаулы мекемелерге кедергісіз баруға;
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мəселелері бойынша өтініштер қабылдауға;
3) арнаулы мекеме әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге құқылы.
2. Арнаулы мекемелерде ерекше шарт режимі енгізілген кезеңде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
3. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қоғамдық бақылау іс-шараларын өткізу іс жүргізушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының