2024-2026 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-10/7 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1- бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6- бабы, 2- тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер -208 636,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 840,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 100,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 203 676,0 мың теңге;
2) шығындар - 203 676,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0,0 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -0,0 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Станционный кентінің бюджеті кірістерінің құрамында Көкшетау қаласының бюджетінен 203 676,0 мың теңге көлемінде бюджеттік субвенциялар ескерілсін.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ С-10/7 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған Станционный кентінің бюджеті