«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 5-қосымша) (2023.22.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2022 жылғы 11 ақпандағы

№ ҚР ДСМ -13 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалар

(2023.22.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.05.04. № 60 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және химия өнеркәсіп объектілеріндегі өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға беруге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) ауамен себезгілеу - үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;

2) атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы (бұдан әрі - РЕШШ) - қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл-күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық - тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;

3) аэроклиматтық жағдайлар - тропосфера мен стратосфераның төменгі қабатында айқындалатын климаттық жағдайлар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.