«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 475 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 88 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
«Алдыңғы тексерулердің және субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)» бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
«
| 28 | Мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйымды сақтау | Өрескел |
»;