Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10808 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1 тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі сыйақының мөлшерлері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: