Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 146 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ішкі мемлекеттік аудит, Заңның 18-бабына сәйкес қалыптастырылған ішкі аудит қызметтерінің тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объект) тізбесі (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.
Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудитті Заңның 18-бабының 5-рамағына сәйкес жүргізеді.