(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАРЫ...

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 Қаулысы

(2025.12.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962-И келісілген жаратылыстану - ғылыми және техникалық - экономикалық негіздемелерінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2013 жылғы 8 қазандағы № 15-02-32/1992-КЛОХ келісілген техникалық - экономикалық негіздемесінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2014 жылғы 11 қарашадағы № 15-03-21/78-КЛХЖМ келісілген техникалық - экономикалық негіздемелерінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022.04.10. № 186 Қаулысымен (2022 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.03. № 72 Қаулысымен (2025 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар құрылсын:

жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, Маңғыстау ауданының аумағында жалпы алаңы - 160 086,48 гектар жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;

Қарақия ауданы аумағында жалпы алаңы 68 374,3 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы;

Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 58 922,8 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.