(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

елді мекендерді газдандыру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;

жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;

ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;

бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді залалсыздандыру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау;

су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;

республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;

елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) көлік және коммуникациялар:

әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру;

қалалардың көшелерін, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) экономикалық қызметті реттеу:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді

12) басқа да бағыттар:

республикалық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;

жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;

мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.

2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстарына;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.

5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделеді:

1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

8) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;

аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

аудандық (қалалық) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;

аудандық (қалалық) деңгейдегі коммуналдық меншікті басқару;

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) білім беру:

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегі;

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) мәдениет және спорт:

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу;

облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) жер қатынастары:

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) көлік және коммуникациялар:

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

темір жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) экономикалық қызметті реттеу:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) өзге де бағыттар:

облыстық бюджетке трансферттер;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;

тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау;

мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауды қоспағанда, осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

Аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара)

5. Облыстық маңызы бар қала бюджеті құрамында қаладағы ауданның шығыстары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

6) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

7) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;

8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;

9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

10) қоғамдық жұмысты, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

11) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

12) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;

13) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;

14) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттар.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды

56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

12) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;

19) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер.

2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар да қаржыландырылады.

3. Осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының штат санының лимиттері қысқартылған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарында тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.

 

 

10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

 

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы әрі сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Республикалық бюджеттік комиссия, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссиялары (бұдан әрі - ведомстволық бюджеттік комиссиялар) өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)