2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-2-тармақ жаңа редакцияда
9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 9-3-тармақпен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-3. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертпей, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
1) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында өздері дербес;
2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;
4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 9-4-тармақпен толықтырылды
9-4. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша ай сайынғы шығыстар көлемін өзгертулер бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін бекітілгеннен (өзгерістер енгізілгеннен) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге жібереді.
17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар
86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.
Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.
87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары
Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.
88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары
1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (қайырымдылық көмек шоты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда; 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға тиісті қаржы жылына көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты;
8) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара)
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) қазынашылық қолдап отыру шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны есепке жатқызуға және пайдалануға (бұдан әрі - мемлекеттік сатып алу шоттары) байланысты;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақы төлемін жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара)
2. Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.
Қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан басқа мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.
3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары
1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты гранттар бойынша халықаралық шартта айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ұлттық (шетелдік) валютада төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;
4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшаларын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.
2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:
1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;
2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді;
3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу
1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды және оны мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.
Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару
1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін күтілетін кірістер түсімі жоспарланған түсімдерден асып түскен жағдайда бір жыл ішінде қайтаруды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.
1-1. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.