(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

2) қаржыландыру тетіктері бойынша критерий пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланатын іс-шараның мүмкіндіктері негізге алына отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.

10. Мыналар:

1) республикалық бюджет;

2) жергілікті бюджет бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көздері болып табылады.

11. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:

1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру;

2) бюджеттік инвестициялық жобаны бюджеттік кредиттеу;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;

4) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.

12. Мемлекеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру тетіктері бюджеттік инвестициялар көздерін және мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қамтиды.

13. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға бағытталған активтер осы Бөліммен реттелмейді және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджеттің жобасына немесе нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына енгізіледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу

1. Инвестициялық ұсыныстарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;

2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.

Бюджет процесін жетілдіру мақсатында орталық мемлекеттік органдар техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, салынуы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша көзделетін, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асырудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленгеннен өзгеше тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мұндай жобаларды жоспарлау тәртібін пилоттық жобаларды іске асыруға (енгізуге) бастамашы болған тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.

Мұндай жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде техникалық-экономикалық негіздемелер енгізеді.

4. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырады.

Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған жобаларды қарау инвестициялық ұсыныс кезеңінде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін:

бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;

техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысының болуы негіз болып табылады.

8. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.

Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады, олардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.

10. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалардан өтуге жатады.

11-тармақ 2004 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды

11. Осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

12. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың негізінде жүргізіледі, сондай-ақ ол бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау болып табылады.

13. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

14. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

15. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.

16. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамаларын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

17. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар дайындайды.

18. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

19. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама жүргізуді талап етеді.

20. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

154-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;

2) қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджетті әзірлеу сатысында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іріктеу.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін бюджеттік инвестицияларды іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.

Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.

Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

Бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзету жүргізуіне жол берілмейді.

3. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк топтамасын иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.

Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша есептiлiкті, мониторингті және олардың нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етедi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-тармақ 2004 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды

7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

10. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

11. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг бекітетін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 154-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.

2. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-2-баппен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 154-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-3-баппен толықтырылды

154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.

Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.