5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негізінде аударады.
11. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жылдың қорытындылары бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда
16. Нысаналы трансферттерді аударудың, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау мен ұсынудың тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есеп жасалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жібереді.
47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджеттен, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден бюджеттік кредиттер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілуі мүмкін.
2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес беріледі.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу және оларды пайдалану кезінде:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) нысаналы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) нәтижелерге қол жеткізбеуге алып келген, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) бюджеттік инвестицияларды нысаналы даму трансфертін аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі айқындаған мөлшерлерден төмен мөлшерде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырғаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында бөлу
49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
1. Мыналар:
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі алдыңғы жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей бекітіледі және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңның қолданылуы кезеңінде өзгертуге жатпайды.
2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
5) ойын бизнесі салығы;
6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;
10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;
16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
18) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;
20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
23) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27-1) осы тармақтың 25), 26) және 27) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер;
28) консулдық алым;
29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж;
30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (көрсетілген Заңның 1-бабының 2-тармағының редакциясына сәйкес 37) тармақшаның қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің және халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды
37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;
40) 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
41) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Yкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
2014.30.06. № 214-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) мүлікті жария еткені үшін алым;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жатқызылады.
50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
4) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9) жер қойнауын пайдаланушының жалдау төлемдері облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)