«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 503 бұйрығы

 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 503 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«2. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.»;

11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті беруші өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша аумақтық бөлімшеге (департаментке) (бұдан әрі - Департамент) қарауға жібереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.