«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 15 Қаулысы (күші жойылды)

 «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 15 Қаулысы

 

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 11 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидалары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Сапарбеков

 

Түркістан облысы бойынша

тексеру комиссиясының

2019 жылғы 11 маусымдағы

№ 15 қаулысына 1 қосымша

 

 

«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру

Қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.