«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 195 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» № 371 (26214) газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) айырбасталмайтын операциялар - айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;»;
21-тармақтың бірінші бөлігінде төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-мемориалды ордер - 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості;
жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;»;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: