«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 293 бұйрығы

 «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 293 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) комиссия - «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - Есепке алу қағидалары) сәйкес құрылған комиссия;»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау Есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікке бағалау жүргізеді.

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.