«Мәслихаттың «Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 6 қазандағы № 61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 14 қазандағы № 58 шешімі

Мәслихаттың «Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 6 қазандағы № 61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 14 қазандағы № 58 шешімі

 

Денисов ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 6 қазандағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24787 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.