«Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығы (2024.11.08. берілген өзгерістермен)

Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығы

(2024.11.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2024.26.07. № 6 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.