«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 266 бұйрығы

«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 266 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік - тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

2) курстан кейінгі мониторинг - бұл педагогика практикасының нақты жай-күйін білім беру ұйымдарында оқыту процесінің күтілетін нәтижелерімен салыстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, үздіксіз, мақсатты түрде білім беру процесінің және сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметінің сапасын диагностикалау, болжамды қадағалау, бағалау және басқару жүйесі;

3) қорытынды бағалау - нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, үміткердің біліктілікті беру схемасының талаптарына сәйкестігін белгілеуге көмектесетін процесс;

4) педагог кадрлар - біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.