«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 313 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылғы 6 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 134 (2335) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармағының үшінші - он бірінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалардың 2-3-тармағында өзгеше белгіленбесе, есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:»;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Динамикалық резервтің мөлшері былайша айқындалады:
1) 2014 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв Қағидалардың 2-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.