«Кәсіптік стандарт: «Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығына 1-қосымша (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 560 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:

«Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау»

 

 

1-ші тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын, оның ішінде персоналды оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілейді кәсіпорындарда білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) кәсіптік стандарт - кәсіптік қызметтің нақты саласындағы формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білімді ескере отырып, білімге, машықтарға, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасы мен жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

2) кәсіп карточкасы - кәсіптің, біліктілік деңгейінің, қызметтің негізгі мақсатының, еңбек функцияларының, міндеттердің, машықтардың, білімдердің, жеке құзыреттердің және білім мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптардың құрылымдалған сипаттамасы;

3) ішкі инженерлік жүйелер - ғимаратты немесе құрылысты сумен жабдықтауды, су бұруды, жылытуды, желдетуді және ауаны баптауды қамтамасыз ететін құбырлардың, ауа өткізгіштердің, жабдықтың, арматураның, аспаптардың, бекіту, автоматтандыру және басқару құралдарының жиынтығы;

4) санитариялық-техникалық жүйе - сумен жабдықтаудың, су бұрудың, жылытудың ішкі инженерлік жүйесі және онымен байланысты жабдық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.