«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 491 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 491 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

23-тармақ алынып тасталсын;

2) «Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер жануарлар:

1) жөнелту пункті мен межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олар эпизоотиялық жағынан қолайлы болған жағдайда, республика аумағы бойынша;

2) жөнелту пунктінің және межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олардың аумағы бірдей аймақтарға бөлінген кезде республика аумағы бойынша;

3) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жануарларды кейіннен санитариялық сою үшін жануарларды сою объектілеріне (ет өңдеу кәсіпорындарына) жеткізу кезінде;

4) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жөнелту пункті эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы болған кезде кейін сою үшін қайта келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілген, орны ауыстырылған болса, онда жануарларды карантиндеу жүргізілмейді. Жануарларды сою межелі пунктте 72 (жетпіс екі) сағат ішінде жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.