28-бап 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
28-бап. Алатау қаласының стратегиялық құжаттары
1. Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуды айқындайтын стратегиялық құжаттар:
1) Алатау қаласының ұзақ мерзімді даму жоспары (бұдан əрі - ұзақ мерзімді жоспар);
2) Алатау қаласының мастер-жоспары (бұдан əрі - мастер-жоспар);
3) Алатау қаласының даму стратегиясы (бұдан əрі - даму стратегиясы).
2. Алатау қаласының стратегиялық құжаттарын Кеңес бекітеді.
3. Ұзақ мерзімді жоспар отыз жылға əзірленіп, бекітіледі жəне оған он жылда бір реттен жиілетпей түзетулер енгізілуі мүмкін.
4. Мастер-жоспар мен даму стратегиясы ұзақ мерзімді жоспар негізінде жəне оның шегінде бір мезгілде он бес жыл мерзімге əзірленіп, бекітіледі. Мастер-жоспар мен даму стратегиясына ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны шегінде бес жылда бір реттен жиілетпей түзетулер енгізілуі мүмкін.
Айрықша жағдайларда мастер-жоспарға жəне (немесе) даму стратегиясына Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы шеңберіндегі инвестициялық мақсаттарда Қазақстан Республикасы Президентінің келісуімен қосымша түзетулер енгізілуі мүмкін.
5. Ұзақ мерзімді жоспар мен мастер-жоспар инфрақұрылым сапасы жоғары елдерде қаланы дамытудың ұқсас құжаттарын əзірлеу тəжірибесі бар мердігерді тарта отырып əзірленеді.
6. Алатау қаласының аумағында іске асырылатын əлеуметтік-экономикалық сипаттағы жоспарларды əкімдік Алатау қаласының стратегиялық құжаттарын ескере отырып əзірлейді жəне олар Алатау қаласының жергілікті бюджетін қалыптастыруға негіз болады.
7. Əлеуметтік-экономикалық сипаттағы жоспарлар қызмет əрекетін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жергілікті халыққа игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне жалпы əкімшілендіру мəселелерін шешу мақсатында үш жылдық кезеңге əзірленеді жəне оларды мəслихат бекітеді.
8. Алатау қаласының стратегиялық құжаттары Алатау қаласының тиімділігін, қауіпсіздігін, орнықты дамуын жəне оның халқымен өзара іс-қимылды арттыру мақсатында қалалық инфрақұрылым мен қалалық кеңістікті басқару кезінде қаланың инновациялық мобильділігін, цифрлық технологияларды жəне Заттар интернетін ендіру мен пайдалануды көздейтін Алатау қаласын «ақылды қала» ретінде дамыту ескеріле отырып қана əзірленеді, бекітіледі жəне іске асырылады.
9. Алатау қаласының стратегиялық құжаттары Алатау қаласында мемлекеттік қаржыландыру мен басқаруды ұйымдастыруға, функциялар мен өкілеттіктерді əкімшілік пен əкімдік арасында бөлуге, сондай-ақ Алатау қаласы органдарының əкімшілік актілерді қабылдауы кезінде өздерінің стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асыруға жəне əкімшілік əрекеттер мен өзге де əрекеттерді жүзеге асыруға негіз болады.
Егер көрсетілген əкімшілік актілер мен əкімшілік əрекеттердің Алатау қаласының стратегиялық құжаттарына сəйкес келмеуі дəлелденетін болса, олар заңсыз деп танылуы мүмкін жəне Алатау резиденттерінің талап қоюы бойынша сот арқылы олардың күші жойылуға тиіс.
10. Алатау қаласының стратегиялық құжаттары əкiмшiлiктiң бюджетiн қалыптастыруға жəне облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың республикалық жəне жергiлiктi бюджеттерiнен мемлекеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға негiз болады.
11. Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамыту кезінде оның стратегиялық құжаттарын іске асыру жəне олардың сақталу дəрежесі мен дəйектілігі əкімшілік қызметінің тиімділігін бағалауға негіз болады.
12. Алатау қаласының стратегиялық құжаттарын əзірлеу, түзету жəне олардың іске асырылу тиімділігін бағалау əдіснамасын Кеңес айқындайды.
29-бап. Алатау қаласының əкімшілігі мен өзге де мемлекеттік басқару ұйымдарының жұмыскерлері
29-баптың 1-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1. Əкімшіліктің бас атқарушы директоры мемлекеттік қызметші болып саналады. Оның қызметі, сондай-ақ Алатау қаласы мəслихаты аппаратының, Алатау қаласы əкімі аппаратының, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі осы Конституциялық заңның ережелері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Əкімшілік пен əкімшілік органдарының өзге де жұмыскерлері - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне азаматтық қызметшілеріне жатпайтын Алатау қаласының қызметшілері.
Кеңес мүшелері, əкімшілік пен əкімшілік органдарының консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері жəне өзге де алқалы басқару органдарының мүшелері тиісінше əкімшіліктің жұмыскерлері жəне əкімшілік органдарының жұмыскерлері болып саналмайды. Кеңестің, əкімшілік пен əкімшілік органдарының консультативтік-кеңесші органдарының жəне өзге де алқалы басқару органдарының тəуелсіз мүшелері өз функцияларын əкімшілікпен азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жүзеге асырады.
29-баптың 2-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2. Алатау қаласы қызметшілерінің еңбек қызметі мен қызметтік жұмысы Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің лауазымдарға іріктеу, тағайындау жəне лауазымнан босату тəртібін, Алатау қаласында қызметте болуға байланысты шарттар мен шектеулерді, сондай-ақ Алатау қаласы қызметшілерінің қызметіне қатысты өзге де ережелерді белгілейтін нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
29-баптың 3-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3. Арнаулы құқықтық режимдерде жұмыс істейтін қалалық кеңістіктер мен жаңа қалаларды басқару мен дамытуда, қала құрылысын жоспарлауда тиісті біліктілігі мен тəжірибесі бар шетелдік жұмыскерлер Алатау қаласының қызметшілері ретінде жұмысқа қабылдануы мүмкін.
29-баптың 4-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4. Алатау қаласының қызметшілері ретінде, сондай-ақ əкімшіліктің басқару органдарының жəне əкімшіліктің консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері ретінде шетелдік азаматтарды жəне азаматтығы жоқ адамдарды əкімшілік пен əкімшілік органдарына жұмысқа тарту шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты талап етпейді.
29-баптың 5-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5. Шетелдік жұмыскерлердің, оның ішінде келісімшарттық жүйе бойынша тарту шеңберінде жұмысқа орналасуына арналған лауазымдар мен олардың санаттарының тізбесі Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
29-баптың 6-тармағының бірінші және екінші бөліктері 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6. Алатау қаласы қызметшілерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларды көтермелеу шаралары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың бастамашыл болуын ынталандыруға тиіс.
Алатау қаласын қаржыландыру, қаланың əкімі мен оның орынбасарларының, əкімшіліктің бас атқарушы директорының жəне Алатау қаласы қызметшілерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларды көтермелеудің өзге де шараларының жүйесін Кеңес əзірлейді жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын жұмыскерлердің жекелеген санаты бойынша бекітеді.
29-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Алатау қаласының органдарын қаржыландыру, оларға еңбекақы төлеу жəне осы органдарда тиімді жұмыс істегені үшін көтермелеу шараларының жүйесі жəне əлеуметтік жəрдемақылар əкімшілікте жəне Алатау қаласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда штат пен басшылықты қалыптастыру мүмкіндігін мемлекеттік емес заңды тұлғалармен салыстыруға болатын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге тиіс.
29-баптың 7-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының əкімшілік пен əкімшілік органдарындағы қызметке қол жеткізуге тең құқықтары бар. Алатау қаласының қызметшісі лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарды əкімшілік, əкімшілік органдары осы Конституциялық заң мен əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін ескере отырып айқындайды.
29-баптың 8-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8. Алатау қаласына қызметке алғаш рет кіретін немесе Алатау қаласына қызметке қайта кіретін адамдарды Алатау қаласының қызметшісі лауазымына тағайындау, қызметі тоқтатылған соң, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін міндетті арнайы тексерудің оң нəтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
29-баптың 9-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9. Алатау қаласының қызметшісі лауазымына мынадай адам:
1) заңда белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;
5) Алатау қаласының қызметшісі лауазымына орналасу кезінде заңда белгіленген тəртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
6) міндетті арнаулы тексерудің оң нəтижелерін алмаған адам;
7) Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де негіздер бойынша тағайындалмайды.
29-баптың 10-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10. Алатау қаласының қызметшілері болатын шетелдік жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан шетелдік банктерде жəне қаржы ұйымдарында шоттарды (салымдарды) иеленуге жəне (немесе) қолма-қол ақшаны, бағалы қағаздар мен құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ цифрлық активтерді иеленуге шектеулер қолданылмайды.
29-баптың 11-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11. Алатау қаласының қызметшісі ретінде жұмыс істеу кезеңі Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісімен бекітілген лауазымдар тізбесі бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
29-баптың 12-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
12. Алатау қаласының əкімі, оның орынбасарлары, əкімшіліктің бас атқарушы директоры, сондай-ақ Алатау қаласының қызметшілері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3-тарау. АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІК ЖƏНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР, САТЫП АЛУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ƏРІПТЕСТІК
30-бап 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
30-бап. Алатау қаласының арнаулы бюджеттік режимі туралы жалпы ережелер
1. Алатау қаласының аумағында арнаулы бюджеттік режим қолданылады. Əкімшілік - республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес əкімшісі, ол осы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді жəне іске асырылуын мониторингтеуді жүргізеді.
2. Республикалық бюджетте əкімшіліктің бюджеті блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша жоспарланады. Блоктық бюджеттеу қағидаларын Кеңес бекітеді.
3. Алатау қаласының жиынтық бюджеті Алатау қаласының жергілікті бюджеті мен əкімшіліктің бюджетінен тұрады жəне ол талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
4. Əкімшіліктің бюджеті əкімшіліктің ағымдағы қызметін қамтамасыз ету жəне Алатау қаласының стратегиялық құжаттарын іске асыру үшін осы Конституциялық заң мен əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес қалыптастырылады жəне атқарылады.
5. Алатау қаласының жергілікті бюджеті əкімдіктің Алатау қаласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарына бекітіп берілген мемлекеттік функцияларды іске асыру жөніндегі міндеттері мен функцияларын қамтамасыз етуге арналады.
6. Алатау қаласының жергілікті бюджеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде бюджеттік субвенциялар алуға құқылы.
7. Алатау қаласының жергілікті бюджетінен бюджет қаражатын жəне əкімшіліктің қаражатын республикалық немесе өзге де бюджеттерге алып қоюға бюджеттің өзіне жеткілікті болуы басталғанға дейін жол берілмейді.
8. Қаржы жылының қорытындысы бойынша қаражат қалдықтары жəне əкімшілік бюджетінің қаражатынан пайда болатын үнемдеу əкімшіліктің билігінде қалады. Кеңестің шешімі бойынша əкімшілік бюджетін үнемдеу қаражаты болашақ кезеңдерге бағытталуы, Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға инвестициялануы, ағымдағы жылғы əкімшілік бюджеті шығыстарының баптары арасында қайта бөлінуі немесе əлеуметтік жəне ағымдағы міндеттерді іске асыру үшін Алатау қаласының жергілікті бюджетіне аударылуы мүмкін.
9. Бюджет қаражатының қалдықтары мен жергілікті бюджеттен пайда болатын үнемдеу Алатау қаласының жергілікті бюджетін бекіту кезінде бөлінеді. Мəслихаттың шешімі бойынша бюджет қаражатының қалдықтары жəне жергілікті бюджеттен пайда болатын үнемдеу ағымдағы жəне болашақ кезеңдерге арналған қолданыстағы бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталуы мүмкін.
10. Əкімшіліктің бюджеті бюджеттің өзіне жеткілікті болуына қол жеткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізетін республикалық бюджет туралы заң жобасында əкімшіліктің ағымдағы шығыстары мен əкімшіліктің Алатау қаласын дамытуға арналған шығыстары туралы нормалар қамтылуға тиіс.
11. Əкімшілік əкімшіліктің ағымдағы шығыстарын жəне əкімшіліктің Алатау қаласын дамытуға арналған шығыстарын қаржыландыру үшін блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша бюджеттік сұранымдарды əзірлейді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынады.
12. Əкімшілік бюджетінің қаражаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылығындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жоспарланады жəне жұмсалады. Əкімшілік бюджетінің есепке алу саясатын əкімшілік бекітеді.
13. Кеңестің шешімі бойынша қабылданатын əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес əкімшілік əкімшіліктің бюджетіне түсетін қаражаттың бөлек есепке алу саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
14. Республикалық бюджет қаражаты тек қана дербес есепке алу саясаты шеңберінде есепке алынады жəне пайдаланылады жəне есепке алу, орындау немесе мемлекеттік аудит мақсатында жеке қаражаттармен, гранттармен немесе түсімдермен жəне əкімшілік бюджетінің өз кірістерімен біріктіруге болмайды.
15. Əкімшілік Алатау қаласын дамытуды қаржыландыру шеңберінде түсетін республикалық бюджет қаражатынан басқа, өзінің кірістері мен ерікті мүліктік жарналар, үшінші тұлғалардың қайырмалдықтары, сондай-ақ осы Конституциялық заңда рұқсат етілетін өзге де түсімдер есебінен қаржы резервтерін құруға құқылы.
16. Əкімшілік бюджетінің резервтерін қалыптастыру, есепке алу, толықтыру жəне пайдалану тəртібін Кеңес əкімшілік бюджетінің өзге қаражатынан резервтерді міндетті түрде бөлек есепке алуды жəне резервтерді тек қана Алатау қаласын дамыту мақсатында пайдалануға шектеуді ескере отырып бекітеді.
17. Алатау қаласының жергілікті бюджеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тəртіппен жүргізіледі, атқарылады жəне мониторингтеуге, есепке алуға жəне мемлекеттік аудитке жатады. Алатау қаласының жергілікті бюджетінің мемлекеттік аудитін Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
18. Əкімшіліктің бюджет қаражатын басқарудың ашықтығын, тиімділігін жəне оған деген сенімді қамтамасыз ету мақсатында əкімшілік жыл сайынғы сыртқы тəуелсіз аудит жүргізеді. Сыртқы тəуелсіз аудитті Кеңес айқындайтын халықаралық аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Мұндай аудиттің нəтижелері аудит аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей міндетті түрде жариялануға тиіс.
19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілетін жыл сайынғы есептерінің құрамына республикалық бюджеттің қаражаты бойынша əкімшілік бюджетінің атқарылуы туралы есеп енгізіледі.
20. Əкімшілік бюджетінің атқарылу барысы туралы тұрақты жария есептілікті əкімшілік қамтамасыз етеді. Əкімшілік бюджетінің кірістері мен шығыстары туралы тоқсандық есептер əкімшіліктің интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
21. Əкімшіліктің бюджетін жоспарлау, бекіту, нақтылау, түзету, атқару, мониторингтеу, оның ішкі жəне сыртқы аудиті мен оны қаржылық бақылау тəртібін көздейтін Алатау қаласындағы бюджеттік режимнің арнаулы ережелері Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
31-бап. Түсімдерді Алатау қаласының жергілікті бюджеті мен əкімшіліктің бюджеті арасында бөлу
1. Алатау қаласында Алатау резиденттерінен, Алатау қаласының аумағында тіркелген жəне Алатау резиденті болмайтын кəсіпкерлік субъектілерінен жəне Алатау қаласының басқа да көздерінен есепке жатқызылатын түсімдерді бөлудің арнаулы тəртібі қолданылады. Көрсетілген түсімдер Алатау қаласының жергілікті бюджетіне жəне əкімшіліктің бюджетіне түседі, олар бюджеттің өзіне жеткілікті болуы басталғанға дейін бөлуге жəне Қазақстан Республикасының басқа бюджеттеріне беруге жатпайды.
2. Түсімдерді Алатау қаласының жергілікті бюджеті мен əкімшіліктің бюджеті арасында бөлу тəртібі осы Конституциялық заңда жəне əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Алатау қаласының жергілікті бюджеті:
3) Алатау қаласында тіркелген салық салу объектілері бойынша мүлік салығы;
4) Алатау қаласында тіркелген жəне (немесе) есепте тұрған салық салу объектілері бойынша көлік құралдарына салынатын салық;
5) Алатау қаласының шегіндегі жер учаскелеріне қатысты - жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, бау-бақша, жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылысын жүргізуге арналған жер учаскелері бойынша жеке тұлғалардан алынатын жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
6) егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен облыстық маңызы бар қала бюджетінің түсімдеріне жатқызылатын басқа да түсімдер;
7) Алматы облысының жергілікті бюджетінен, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер шеңберіндегі трансферттер түсімдері есебінен қалыптастырылады.
1) Алатау қаласының аумағында тіркелген барлық кəсіпкерлік субъектілері төлеген корпоративтік табыс салығы;
2) Алатау қаласындағы төлеушілер төлеген қосылған құн салығы, оның ішінде Алатау қаласының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға жəне көрсетілген қызметтерге, импортталатын тауарларға жəне Қазақстан Республикасының салық резиденті болмайтын тұлғадан сатып алынған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қосылған құн салығы;
3) Алатау қаласы аумағының шегіндегі жер учаскелеріне қатысты - жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, бау-бақша, жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылысын жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан алынатын жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
4) əкімшілік пен əкімшіліктің органдары салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, əкімшілік актілердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары;
5) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен республикалық жəне облыстық бюджеттер түсімдеріне жатқызылатын басқа да түсімдер;
6) республикалық бюджеттен жəне (немесе) Алатау қаласының жергілікті бюджетінен түсетін түсімдер;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жеке қаражат, жарналар жəне басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
5. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын Алатаудың резиденттеріне қайтару республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Əкімшілік Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару тəртібі мен мерзімдері əкімшіліктің жəне салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде, бірақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, оның ішінде инвестициялық жобалар үшін белгіленген мерзімдерден кешіктірілмей айқындалады.
6. Алатау қаласында енгізілетін өзге де төлемдер əкімшіліктің əкімшілендіруіне жатады жəне əкімшіліктің бюджетіне есепке жатқызылады.
32-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау жəне іске асыру
1. Алатау қаласын дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялар - Алатау қаласының аумағында жаңа объектілерді құруға (салуға) не қазір бар құрылыс объектілерін реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
2. Алатау қаласын дамытуға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру осы Конституциялық заңның 34-бабының ережелері ескеріле отырып, конкурстық рəсімдерге сəйкес жүзеге асырылады.
3. Əкімшілік Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен мемлекеттік инвестициялық жобалардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс тетігі арқылы іске асырылуын жүзеге асыруға құқылы.
4. Алатау қаласын дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, негіздеу, іске асыру жəне олардың құнын айқындау тəртібі Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Əкімшілік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында бағалы қағаздар шығару жəне (немесе) кредиттер алу арқылы қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы.
6. Əкімшіліктің борышына қызмет көрсету жəне оны өтеу Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. Əкімшіліктің қарыз алуды жүзеге асыру тəртібі Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
33-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
33-бап. Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік
1. Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің құқықтық шарттары, оны жүзеге асыру тəсілдері, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарын жасасудың, орындау мен тоқтатудың, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалаудың тəртібі жобалық қаржыландырудың жəне банктік қолайлылықтың халықаралық тұрғыдан танылған қағидаттарына сəйкес Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Алатау қаласы органдарының Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын бірлесіп немесе ілеспе түрде іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы осы Конституциялық заңның 26-бабының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде мыналардың:
1) жекеше əріптесті айқындау тəртібінің;
2) мемлекеттік əріптес пен жекеше əріптес арасындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəуекелдерін бөлудің;
3) əлеуетті жекеше əріптеске қойылатын біліктілік талаптарының;
4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына өзгерістер енгізу мен оның қолданылу мерзімін ұзарту тəртібінің;
5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін айқындау əдістемесінің;
6) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын келісудің, сараптама жасау мен бекітудің жеделдетілген жəне оңайлатылған тəртібінің ерекшеліктері;
7) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыруға байланысты өзге де мəселелер бойынша ерекшеліктер де айқындалуы мүмкін.
4. Алатау қаласының аумағында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер бюджеттің өзіне жеткілікті болуы басталғанға дейін Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалады.
5. Əкімшілік конкурстық құжаттамаларды, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобаларын əзірлеу жəне талқылау, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бұзылған жағдайда тартылатын қарыздар, болжамды төлемдер жəне Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыруға байланысты өзге де мəселелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында консультациялық қызметтер көрсету үшін халықаралық, өңірлік жəне (немесе) қазақстандық қаржы институттарын тартуға, оның ішінде олармен тиісті келісімдер жасасуға құқылы.
6. Алатау қаласының аумағында іске асырылуға тиіс, оның ішінде халықаралық қаржы институттарының қатысуымен əзірленетін жəне қаржыландырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының тізбесін əкімшілік айқындайды.