Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығы
(2019.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысының 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.24.08. № 332 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2019.16.05. № 179 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы - тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;