Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығы
(2023.06.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025.17.09. № 506 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.23.01. № 57 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.23.01. № 57 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;