Осы редакция 2016 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 357 бұйрығына 1-қосымша
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2015.13.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.13.11. № 693 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3.. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрімен расталады.