«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және «Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1187 Қаулысы
(2026.18.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Alatau» АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Alatau» АЭА туралы ереже;
2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін».»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары»;
2) ҚР Үкіметінің 2026.18.03. № 180 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1187 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 221 қаулысымен
бекітілген
«Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
2.
1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы - Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.