«Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 243/НҚ бұйрығы

Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 243/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 165) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.