Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 53 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
(51-шығарылым)
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (51-шығарылым):
алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі;
ас тұзын өндіру және өндірісі;
кондитерлік өндіріс;
консерві өндірісі;
крахмал-сірне өндірісі;
қант өндірісі;
май-тоңмай өндірісі;
нан пісіру-макарон өндірісі;
парфюмерлік-косметика өндірісі;
сауда және қоғамдық тамақтану;
тамақ концентраттары өндірісі;
темекі-махорка және ферментациялық өндіріс;
уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу;
шай өндірісі;
элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі;
эфир майы өндірісі бойынша жұмысыстарды қамтиды.
2. БТБА-ны (51-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (51-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Ашытқы жасау аппаратшысы, 3-разряд
сыра суслосын ашыту үшін ашытқы жасау процесін жүргізу;
ашытқыны өңдеу, өсіру және күбіде, науада, монжюда сақтау;
тұқымдық және тауарлық ашытқыны ашыту күбілердең алу;
ашытқыны есепке алу және генерациялар мен расалар бойынша бөлу;
ашытқыны ұсақ көзді тордан сүзу арқылы механикалық қоқымнан, қышқылдату және сілтілендіру арқылы бөгде микроағзалардан тазарту;
ашытқыны жуу және белсенді ашытуға дайындау;
қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітінді дайындау;