(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРІНІҢ 2...

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 болып тіркелген, 2010 жылдың 25 тамызында № 224 (26285) нөмірімен «Казахстанская правда» газетінде; 2010 жылғы № 14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында (Тиражға шыққан уақыты 26.08.2010 ж.) ресми жарияланған);

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 болып тіркелген, 2013 жылдың 30 қаңтарында № 56 (27995) нөмірімен «Егемен Қазақстан» газетінде ресми жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.