«Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 405 Қаулысы

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 405 Қаулысы

 

Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27124 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Алматы облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы»;

көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.