«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті (Оңтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 265 қаулысына4-қосымша) (күші жойылды)

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 232 Қаулысымен күші жойылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 265 қаулысына 4-қосымша

 

 

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) мен «Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - СПИД орталығы немесе көрсетілетін қызметті беруші) ұсынады.

Медициналық көрсетілетін қызметке жүгінуді қабылдау мен нәтижесін беру медициналық ұйымдар және СПИД орталығымен жүргізіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуді бастаудың негізі болып көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінгені саналады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.