«Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 12 бұйрығы

 «Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 12 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелді, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартында:

2- тармақ алып тасталсын;

16-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымын таңдауға және сақтандыру сертификатын алуға;»;

19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының атауын сұратуға;»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.