«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 6-қосымша) (2026.14.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 66 бұйрығына 6-қосымша

 

 

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
(2026.14.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2026.28.07. № 721 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті мен аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.