«Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті» лицензиар етіп айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті:
1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру);