«Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 30, 31-қосымшалары) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

30-қосымша

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

31-қосымша

 

 

«Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі

 (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімшесі немесе салық салуға байланысты объектілері бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер жүзеге асырған операциялар бойынша спиртке, алкоголь өнімдеріне, бензинге (авиациялықтан басқа), дизель отынына акциз сомаларын есептеуге арналған «Акциз есебі» салық есептілігінің (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды.

2. Есеп есептің (421.00-нысан) өзінен және салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (421.01-ден 421.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін есептегі жолдар толтырылған кезде міндетті түрде жасалады.

6. Есепке қосымшаларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде олар жасалмайды.

7. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшалардың осыған ұқсас парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=»- тең.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.